Факультет жаңалықтары (Педагогика)

4 желтоқсан 2025ж.

Бүгін осы әлемнің есігін Педагогика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің «Музыка және көркемдік білім» кафедрасы айқара ашты! 6В01403 – Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау мамандығының 4-курс студенттерінің бастамасымен, 1, 2, 3-курс білім алушыларының қолдауымен «Өнер тынысы» атты керемет көрме ұйымдастырылды. Бұл – бірнеше жылдық еңбектің, үздіксіз ізденістің және шығармашылық шабыттың жарқын нәтижесі. Көрмеде студенттердің қолөнер туындылары мен өз қолымен салған суреттері ұсынылып, әрбір жұмыс олардың жан дүниесі мен өнерге деген сүйіспеншілігін айқын көрсетті. Көрменің мақсаты – студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту, оқу барысында меңгерген кәсіби дағдыларын таныту және олардың болашақ маман ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасау. Әр туынды – еңбектің, талпыныстың, эстетикалық талғамның жемісі. «Өнер тынысы» – талант пен жүрек жылуы тоғысқан сәт.

 

1 қазан 2025ж.

Сербия Республикасындағы Нови Сад университетінің ғалымы Васич Бибигуль 2025 жылдың 13-14 қазан күндері Дулати университетінің «Инклюзивті білім берудегі психологиялық бейімделу» орталығында болып, орталықтың жұмысы мен бағыттарымен танысты.

- Ғалым ерекше білім беруді қажет ететін студенттермен тренинг өткізіп, тәжірибе алмасты.
- Орталықтың бас маманы Усенова С.М. орталықта жүзеге асырылып жатқан жобалар мен бағдарламалар туралы жан-жақты ақпарат берді.

Бұл кездесу - екі жақты тәжірибе алмасуға, ғылыми және практикалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.

- Дулати университеті әлемдік ғылыми қауымдастықпен байланысын кеңейтіп, инновациялық білім мен зерттеу тәжірибелерін дамыту жолында сенімді түрде алға қадам басуда!

11 ақпан 2026

Облыстық деңгейде ұйымдастырылған семинар аясында тұлғалық даму мен тиімді тұлғааралық қарым-қатынасқа бағытталған психологиялық тренингтер өткізілді.

 Семинар барысында білімгерлерге «Қауіпсіз қарым-қатынас жағдайындағы жеке шекараны сақтау және жауапты мінез-құлықты бағалау» тақырыбында рефлексиялық психологиялық сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде студенттердің жеке шекара туралы түсінігі мен құқықтық сауаттылық деңгейінің артқаны байқалды. Іс-шараға қатысқан мемлекеттік және әлеуметтік мекемелер өкілдері семинардың мазмұндық сапасын, практикалық маңызын және жоғары ұйымдастыру деңгейін ерекше атап өтті. Қатысушылар мұндай форматтағы кездесулер жастар арасында құқықтық және психологиялық мәдениетті қалыптастыруда тиімді алаң екенін жеткізді. Жамбыл облысы полиция департаментінің өкілдері зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі жалғастыру қажеттігін атап өтіп, алдағы уақытта бірлескен іс-шараларды жүзеге асыруға ниетті екендерін білдірді. Осы орайда кафедра меңгерушісі, PhD Эльмира Айтенова мен аға оқытушы, психология магистрі Айбала Мамбетқызы облыстық деңгейдегі іс-шараларға арнайы шақырту алды. Семинар соңында спикерлерге Алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды. Қонақтар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.

 

15 желтоқсан 2025ж.

Студентердің адамгершілік, мейірімділік, қайсарлық сияқты рухани-адамдық құндылықтарды түсіндіру. Балалық шақтағы шынайы мейірімнің адамның қалыптасуына әсерін көрсету. Қиын кезеңдерде табандылық пен қайсарлық танытудың маңызын өнер арқылы жеткізу. Бүгінгі «Адамдық қасиет: балалық шақтағы мейірім, қиын кезеңдегі қайсарлықтың бірлігі» атты композициялық кешіміз - адам жанының тереңдігін өнер тілімен жеткізуге арналған. Сонымен бірге, бүкіл қазақ руханиятының шамшырағы - Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына да арналмақ. Ұлы ақынның артында қалған қара сөздері, өлеңдері, қара өлеңдері - адамдық пен ардың жолын насихаттайтын өлмес мұра.

 

15 қараша 2025ж.

Ұлы Жеңістің 80-жылдығына арналған Ш.Айтматовтың «Ана-Жер ана» атты символикалық драмасынан үзінді көрсетілді. Бұл мәдени -іс шараны М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының 3 курс студенттері ұйымдастырды. Мәдени іс -шараның мақсаты: жастардың патриоттық сезімін ояту,еліне жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында жүргізілді. Бұл іс шараға мектептің бітіруші түлектері мен сынып жетекшілері қатысты. Мектептің педагог ұйымдастырушысы Г.Парманқұлова іс шараны ашып берді. Бұл іс шараны ұйымдастырған 3 курс кураторы «Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушысы, педагог магистрі А.Е.Молдазимова. Іс шара жоғарғы деңгейде өтті. Кеш соңында сынып жетекшілер жүрек жарды тілектерін студенттерге жеткізіп, осындай тәрбиелік мәні зор іс-шараларды бірлесіп өткізуге үсыныс жасады. Кеш соңында бітіруші түлектерге университиттің буклеттері таратылып, оқуға шақырылды.

8 желтоқсан 2025ж.

Мерке ауданында «Білім беру кеңістігіндегі психологиялық қызмет: қиындықтар, шешімдер және перспективалар» атты шеберлік сағат өтті. Шеберлік сағаттың мақсаты: мектеп психологтарын білім беру кеңістігіндегі психологиялық қызметті жаңаша көзқараспен дамыту, креативті және инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы психологиялық қолдаудың тиімділігін арттыру, тұлғаның үйлесімді дамуына ықпал ету, білім беру процесіне эмоционалдық жайлылық пен шығармашылық атмосфера қалыптастыру. Шеберлік сағатта «Педагогикалық психология» кафедрасының п.ғ.к. Г.Ш.Сейдалиева, аға оқытушы, магистр А.О.Кебеева аудан психологтарына психологиялық тренингтер ұйымдастырды. Тренинг барысында әртүрлі әдістер қолданылып, әдістемелік нұсқаулықтар және психологиялық қызметтік кеңестер ұсынылып, психологтардың қызметтік шеберліктерін дамытуға мазмұнды үлес қосылды.

 

14 қараша 2025ж.

14.11.2025ж. Қазақ музыкасының маңдайалды композиторы, дирижер, домбырашы, Қазақстанның Халық қаһарманы, Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына орай «Мәдениет және өнер» кафедрасында «Құстар қайтып барады» лекция-концерті өтті. Бұл іс-шара студенттер арасында композитордың шығармаларын насихаттау, қазақ музыка өнеріне деген құрмет сезімін ояту мақсатында өткізілді. Іс-шара барсында «Мәдени тынығы қызметі: бос уақытты ұйымдастыру және педагогикасы» білім беру бағдарламасы студенттері композитордың әндері мен күйлерін орындап, композитор шығармашылығы мен өмір жолына арналған лекция оқып және бейне материалдар көрсетті.  Концерт соңында «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі, профессор Кабиева А.К. студенттерге және кешті ұйымдасырушы кафедра аға оқытушысы Смагулова Г.Е. алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

 

17 қараша 2025ж.

Құрметті студенттер! Сіздерді мерекелеріңізбер шын жүректен құттықтаймыз!
Білім жолындағы қажырлы еңбектеріңіз, жастық жігерлеріңіз әрдайым алға жетелей берсін!
Ой-армандарыңыз биік болсын, өмір жолдарыңыз жарқын болсын! Сәттілік, шабыт, шынайы достар мен жарқын болашақ серіктеріңе айналсын! Студенттік шақ-ең тамаша кезең, оны лайықты өткізіңіздер!